Айтыскер ақын, дінтанушы, өзін соңғы кезде медиа-менеджер санап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың алтын медалін мойнына таққан фотосын жариялады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Бұл фотосуретті ол Instagram-дағы парақшасындағы Stories-те бөлісті.
Фото Астана қаласында түсірілген.
«ЖАЛҒЫЗ АЛТЫНДЫ ЖАҚЫННАН КӨРДІК»
Жалғыз алтынды жақыннан көрдік, - деп жазды ол.
Мұхамеджан Тазабек - «Asyl arna» телеарнасының негізін қалаушы және бас директоры.
1990 мен 2001 жылдары аралығында айтыста көп жетістікке жеткен. 1991-2001 жылдар аралығында да мемлекеттен біраз марапат алған.
Instagram парақшасын белсенді жүргізуде. Тазабековке 1,9 млн оқырман жазылған.
Қазір Мұхамеджан Тазабек Түркияның Ыстанбұл қаласында тұрады.
Ал Елдос Сметов туралы бірауыз сөзбен айтсақ, ол дзюдодан Олимпиада чемпионы атанып, елдің мерейін өсірген спортшы.