×
477.45
527.1
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.45
527.1
5.24

Астанада BMW автокөлігіндегі жолаушыдан мефедрон тәркіледі

polisia.kz

Астана қаласында полицейлер BMW автокөлігіндегі отырған жолаушыдан жолаушыдан мефедрон тәркіледі, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

КӨЛІКТЕ ҰНТАҚТЫ ЗАТЫ БАР ЦЕЛЛОФАН ТАБЫЛДЫ

Жедел-іздестіру операциясы кезінде полиция қызметкерлері BMW автокөлігін тоқтатып,  33 жастағы жолаушыдан ұнтақты заты бар целлофан тапты.

 Сараптама қорытындысы тәркіленген зат мефедрон синтетикалық есірткісі екенін растады.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Жақында Алматы әуежайында Таиландтың Пхукет қаласынан ұшып келген екі қазақстандық есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары