Қазақстан мен АҚШ-тың тауар айналымы рекордттық көрсеткішке жетті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Екі елдің тауар экспорты екі есе артып, он жылдық рекордтты жаңартты.
DATA HUB Telegram-арнасының хабарлауынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан АҚШ-қа жіберілген тауар көлемі 888,8 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 95%-ға көп және 2014 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш.
Өсім көрсеткіші көбіне мұнай есебінен болған. Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында АҚШ-қа 578 млн долларға 0,9 миллион тонна тауар жіберілген. Ал былтырғы көлем – 182 миллион долларға 0,3 миллион тонна шамасында болған. Мұнайдан басқа радиоактивті элементтер, негізінен, уранның экспорты өсті.
Қолда бар мәліметке қарағанда, уранның жалпы көлемі – 104,7 млн долларға, яғни өсім 20 есеге өскен. Сонымен бірге күміс 89,4 млн долларға сатылған. Оның өсімі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 49%-ға артық болған.
Экспорт өсіп жатқанда, импорт жылдық өлшеммен алғанда 14%-ға азайған. 1,1 млрд долларға дейін азайып кеткен. Қазақстанға АҚШ-тан автокөліктер, дәрі, турбореактивті двиательдер келген.
Өткен 6 айда елімізге эксперимент үшін 32 жануар әкелінген. Құны 5,4 млн доллар болатын 182 келі бұқа ұрығы, орташа құны 1843 доллар тұратын 25 электрогитара және құны 13,5 мың долларлық 1 велосипед әкелінген.
2024 жылғы қаңтар-мамырдағы сыртқы сауда айналымы туралы есебіне сүйенсек, еліміздің сыртқы сауда айналымы 55328,2 млн АҚШ доллары болып, 2023 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда номиналды мәнде 2,1%-ға азайды.
Экспорт – 32463,6 млн АҚШ долларын, импорт 22864,6 млн АҚШ доллары болды.
Былтыр Қазақстанның 2023 жылғы сыртқы сауда айналымы 139,5 млрд долларға жетті.