×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«314 млн теңге»: Ақтөбеде 17 адамнан қомақты ақша жымқырған әйел сотталды

«314 млн теңге»: Ақтөбеде 17 адамнан қомақты ақша жымқырған әйел сотталды
todayinfo.kz

Ақтөбе қаласында 17 адамнан 314 млн теңге ақша жымқырған әйел сотталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ПӘТЕРДІҢ САТЫЛЫП ЖАТҚАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАР ТАРАТҚАН

Ол танысы арқылы арзан пәтерлер сатылып жатқаны туралы жалған хабарлама таратып, азаматтардың сеніміне кірген. Күмән тудырмау үшін заңдық күші жоқ құжаттарды көрсеткен. Екі адамның шығыны төленді.

Басқа жәбірленушілерге келген залалдың орнын толтыру үшін оған тиесілі автокөлік пен Алматы қаласындағы жер учаскесі және банктік есеп шоттары тәркіленді. Сот айыпталушының кәмелетке толмаған 4 баласы барын ескеріп, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Жақында Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды. Олар 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.