Биылғы жылдың басынан бері коронавирус инвекциясы бойынша 1 290 адамның ауруға шалдыққаны тіркелді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.
Аурудан ешкім қайтыс болмаған жоқ.
АУРУХАНАДА БЕТПЕРДЕ ТАҒУ КЕРЕК
Бүгін бас санитар дәрігердің міндетін атқарушы COVID-19 бен тұмаудың алдын алу туралы қаулыға қол қойды. Құжат 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулы деп аталады.
1 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады.
Ауруханаларда антисептиктердің болуы қажет. Бетперде тағу режимі енгізіледі.
ЖРВИ, тұмау кезінде бір жасқа дейінгі сәбилер мен аяғы ауыр әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсетіледі, - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазір елде респираторлы вирустар, соның ішінде КВИ-дің де қайта күш ала бастағанын көрсетіп отыр. Дегенмен жыл басынан бері ЖРВИ, вирусты пневмония мен КВИ жұқтырған адамдар ауруханаға түскен жоқ. Бұл короновирустың аз таралып жатқанын көрсетеді.
ОМИКРОН ШТАММЫ ТАРАЛЫП ЖАТЫР
Сонымен бірге елімізде Омикрон штаммы да таралып жатыр.
Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп, қолды таза ұстау үшін антисептикті пайдаланып, науқас адамдармен байланысты шектеп, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағып, медициналық көмекке дер кезінде хабарласу керек.
Осы аптада Олимпиялық ойындарда жүлде алған спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларынан да короновирус табылған еді. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортшылармен және бапкерлермен кездесуі кейінге шегерілді.