×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметінен кетті

17.08.2024, 09:39
Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметінен кетті
Ашық дереккөзден

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Вячеслав Ким басшы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы федерацияның ресми сайтында жарияланды.

Мұндай шешім Вячеслав Константиновичтің ҚТФ президенті лауазымында жасалған жұмысы мен қол жеткізілген барлық жетістіктерді ұзақ сараптау мен бағалаудың қорытындысы негізінде шығарылып отыр.

«2013 жылы таеквондо федерациясына тағайындалғалы бері осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету басты мақсатым болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламын. Күн сайын ҚТФ командасы мен мен спортшыларымыздың өсуі мен дамуына жағдай жасау үшін жұмыс істедік. Қазақстандық таеквондошылар халықаралық аренада лайықты нәтиже көрсетті және оларды бұдан да көп жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Біз Қазақстанның таеквондо тарихындағы бірінші халықаралық турнирді, Astana Grand Prix 2014 және Kazakhstan Open G-1 турнирін өткізе алдық, бұл тек бастамасы ғана. Біздің жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де бар және бұл жол жалғасын табады деп ойлаймын», деді Ким.

Сондай-ақ ҚТФ президентімен бірге вице-президенттер Қанат Толғатұлы Сағынаев, Шадияр Әлжанұлы Қондыбаев, Арман Константинұлы Шылманов, бас хатшы Олжас Талғатұлы Бесбаев та өз қызметтерінен кетті.