Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Джоко Видодоны Индонезияның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.
“Президент Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді”, делінген Ақорданың баспасөз қызметінің ақпаратында.
Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі.