Трамп КСРО-ның тағдырын еске түсіріп, Харристің бағаны көтеруге тыйым салу жоспарын келемежге айналдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзінің бәсекелесі Камала Харристің сайлауда жеңіске жетсе, азық-түлік бағасының шамадан тыс өсуіне тыйым салу ниетін мазаққа айналдырып, оны «Мадуроның жоспары» және «ескі Кеңес Одағы» деп атады. Оның сөздерін Fox News жариялады.
«Камала жолдас социалистік баға бақылауын енгізгісі келетінін мәлімдеді. Мұндайды көріп пе едіңіздер? Бұл бұрын-соңды нәтижесін бермеген. Бұл (Президент Николас) Мадуроның Венесуэладағы жоспары, Мадуроның ескі Кеңес Одағынан қалған жоспары», - деді Трамп.
Оның айтуынша мұндай даму елдегі шектеуге, аштыққа және бағаның күрт өсуіне әкеледі.
«Олар мұны кезінде сынап көрген... Ал Кеңес Одағының тағдыры не болды?» деді АҚШ президенттігіне үміткер Трамп.
Бұған дейін АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан үміткер Камала Харристің азық-түлік бағасын шарықтатуға бұрын-соңды болмаған федералды тыйымды қабылдауға ниетті екені белгілі болды.
Трамп бұған дейін Харристі елдегі жоғары инфляция үшін де айыптаған болатын.