×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Сауд Арабиясы Суперкубогы: Роналду марапаттау рәсімінен кетіп қалды

18.08.2024, 16:50
Сауд Арабиясы Суперкубогы: Роналду марапаттау рәсімінен кетіп қалды
Ашық дереккөзден

Португалия құрама командасының әрі «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы Суперкубогы үшін болған матчтан кейінгі марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартып, алаңнан кетіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Роналду ойнайтын «Әл-Наср» командасы аталған ақтық матчта «Аль-Хилалдан» жеңіліп қалды.

Кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Бірінші голды Роналдудың өзі соққанымен команданың ойыны одан әрі жүре қоймады.

Күміске көңілі тлмаған 39 жастағы Криштиану медальды мойнына таққысы келмей матчтан кейін бірден алаңнан кетіп қалды. Ал команданың қалған ойыншылары алаңда қалды.