×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

«Барыс» – хоккейден ҚР Президенті Кубогының қола жүлдері

18.08.2024, 18:20
Hcbarys.kz

Астаналық «Барыс» хоккей командасы Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогының үшінші орын үшін болған ойынында Хабаровскінің «Амурын» жеңіп, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кезеңде амурлықтар Артур Гиздатуллиннің дәл соққысының арқасында есеп ашты, оған алаң иелері Уэйд Эллисонның голымен жауап берді. Осыдан кейін Девин Броссо тағы да Ресей құрамасын алға шығарды. «Барыс» есепті тағы теңестірді – Аслан Жүсіпбеков гол соқты. Ойын овертаймға жалғасып, Коннор Смит «Барысқа» жеңіс әкелді - 3:2.

Осылайша, «Барыс» Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының қола жүлдегері атанды. Финалда Қазақстан құрамасы мен Тольяттидің “Лада” клубы ойнайды.

Айта кетсек, айналымдағы турнирде командалардың алғашқы кездесуі 2:1 есебімен «Барыстың» пайдасына аяқталған болатын.