×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейден жерлестерін 223 млн теңгеге алдаған күдікті экстрадицияланды

Ресейден жерлестерін 223 млн теңгеге алдаған күдікті экстрадицияланды
gov.kz

Елімізге Ресейден тағы бір күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадицияланды. Ол алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілініп отыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Бас прокуратураға сілтеме жасап.

ОЛ АЗАМАТТАРДЫ 223 МЛН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТКЕН

Күдікті Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде басқа адамның пәтерді ұсынған. Соның кесірінен Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірілді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, шетел асып кеткен. Соған байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланған.

КҮДІКТІ АДЫГЕЯДАН БІР-АҚ ШЫҚҚАН

Өткен жылдың желтоқсан айында ол Ресей Федерациясы Адыгея Республикасының аумағында ұсталды. Содан кейін Бас прокуратураның өтініші бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жуырда Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Армениядан елімізге аса iрi мөлшердегі психотроптық заттар мен басқа да есірткі түрлерінің заңсыз айналымымен айналысқан Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадицияланған болатын.

Оның алдында Ресейдің Мәскеу облысында адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген Шымкент қаласының екі тұрғыны ұсталған еді.