×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркістан облысында дәретханадан өлі табылған 3 жасар қыз кісі қолынан қаза тапқан

19.08.2024, 11:26
Түркістан облысында дәретханадан өлі табылған 3 жасар қыз кісі қолынан қаза тапқан
ашық дереккөзден

Түркістан облысында 3 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар Асылым адам қолынан қаза тапқан

Түркістан облысында 3 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар Асылым адам қолынан қаза тапқан. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

5 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН

Журналистің айтуынша, Асылымның қырқына дайындалып жатқанда көршілес үйдің тағы бір қызы дәретханаға құлай жаздап, құтқарып қалған. Кішкентай қыздарды қинап, өлтіріп, дәретханаға лақтырып жүрген ересек адам бар деген сөз Сіргеліде желдей есті. Бір ажалдан аман қалған 5 жасар қыз Нұрай өзін кім қорқытқанын, қайда шақырғанын, буындырып ұрғанын бәрін айтып берді. Қыздың көйлегінің ұшын көріп қалған (ол да көрші) 7 сынып оқушысы мұнда не болып жатыр деп құтқарған.

АСЫЛЫМДЫ ӨЛТІРГЕН КӨРШІСІНІҢ ҚЫЗЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Содан іс қайта ашылып, тергеу басталды. Нұрайдың айтқанының бәрі рас болды. Асылымның үйіне 40 жыл қарама-қарсы тұрған көршінің қызы қандықол қылмыскер болып шықты. 16 жасар (атын Жанира деп қояйық) бәрін мойындады. Тергеу Жанираны ауытқуы бар шизофрения деп тапты. Бүкіл ауыл бұл отбасының бір түнде өзге жаққа көшіп кетуін талап етуде. Алла басқа бермесін, қиын жағдай», -  деп жазды ол.

Айта кетейік, мамыр айының ортасында таңғы 9-да 3 жастан асқан Асылым ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бүлдіршін қарама-қарсы үйдегі дәретханадан табылды. Сарыағаштық сот медициналық сараптама қыз таза, тек беті сырылған, артынан соққы алған, бұл соққы дәретхана тесігіне ұрылғаннан болды, Асылым дәретханаға өзі түсіп кеткен деп көрсетті.

Полиция департаменті не дейді

Облыстық полиция 3 жасар қыздың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

– Тергеу іс-шаралары барысында бұл оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігі анықталды. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда, – делінген хабарламада.

Бұдан өзге ақпаратты полиция таратпады.