×
483.23
534.74
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
483.23
534.74
5.12

Астанада бала зорлағандарға электронды кісен салынды

Астанада бала зорлағандарға электронды кісен салынды
polisia.kz

Астанада бұрын сотты болып, бостандыққан шыққан  8 адамға электронды кісен салынды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Енді қалалық Ішкі істер департаменті бұрын жазасын өтеген адамдарды электрондық қадағалау құралдарының көмегімен бақылауға алады.

СЕГІЗ АДАМДА АРНАЙЫ БІЛЕЗІК БАР

Астана қаласы ПД-ға электрондық білезіктің көмегімен бұрын сотталған адамдардың жүрген жерін бақылау жүйесі енгізілді. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотты болған 8 адам электрондық қадағалау құралдарының көмегімен бақылауға алынды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Бұл сотты болған адамның сот белгілеген тыйымдар мен шектеулерді сақтауын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Аталған жүйе есепте тұрған адамның жүріс-тұрысын бақылап, ол жөнінде бірден полиция қызметкеріне хабар береді. 

КІСЕНДІ ШЕШІП АЛУ МҮМКІН ЕМЕС

Білезіктің өзі тез сындайды. Ол арнайы жүйемен жабдықталған. Оны өз бетінше ашып, шешіп тастау мүмкін емес. Білезікті шешіп тастауға тырысқан жағдайда сигнализация іске қосылып, полицейлерге бірден хабар келеді. Білезікті тағып жүру есепте тұрған адамның күнделікті өміріне кері әсерін тигізбейді.

Жақында елімізде бір топ адам 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлегені үшін қамауға алынған болатын.

Қазір бұл қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ал жәбірленуші қызға психологиялық және материалдық көмек берілді.