×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан мен Ресей киіктер үшін экологиялық дәліздер құрады

19.08.2024, 12:52
Қазақстан мен Ресей киіктер үшін экологиялық дәліздер құрады
Ulysmedia коллажы

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан мен Ресей  ақбөкендердің кедергісіз жүруі үшін трансшекаралық экологиялық дәліздер құру туралы уағдаласты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР КИІКТЕРДІҢ ҚОЖАЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН ТАПТАУЫН АЗАЙТУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев Ерлан Нұрәлиұлы сондай-ақ Сенат Депутаты Өтеғұлов Арман Кәрімұлы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айтмұхамбетов Қаляр Шадиярұлы БҚО Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында фермерлерді мазалап отырған мәселенің бірі киіктердің егістік және шабындық жерлерінің тапталуы талқыланып, шаруалардың ұсыныстары қарастырылды. Өз кезегінде Министр шаруа қожалықтары жерлеріне киіктер таптауынан келтіріліп отырған қысымды азайту және алдын алу мақсатында Министрлік тарапынан бірқатар шаралар жоспарланып отырғаны туралы жеткізді.

КИІКТЕР ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘЛІЗДЕР ҚҰРУҒА КЕЛІСТІ

«Министр Жәнібек ауданында Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрлігінің өкілдерімен кездесті. Ресей тарапымен келіссөздер барысында ақбөкендердің кедергісіз көші-қоны үшін ҚР мен РФ шекарасында өткелдер санын көбейту және трансшекаралық экологиялық дәліздер құру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін бірлескен мониторингтік зерттеулер жүргізу үшін (өткелдер мен ақбөкендердің шоғырлану орындарын белгілеу мақсатында) Жедел жұмыс тобын құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді», - делінген хабарламада.