Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Алматыда 11 жастағы бала орға түсіп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«112 пультіне Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туылған бала құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келген ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шықты», - делінген хабарламада.
Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында экскаватор жүргізушісімен бірге өзенге құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.