×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Үйдің қақпасына соғылған: Алматыда мопедші көз жұмды

19.08.2024, 17:56
скриншот

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазір тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазнетте болған оқиғаның бейнеролигі тарады. , Кадрларда Алматыда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы түсірілген. Мопед жүргізушісі қараңғыда кедергі көрмей қалып, тұрғын үйдің қақпасына соғылған. Сол жерде тіл тартпай кеткен.

Полиция тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

– Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Биыл мопедтермен қатысты апаттарда 27 адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мопедтерді курьерлер мен жастар көбірек тебетінін хабарлайды. Қазір заң шаралары қабылданып жатыр. 

Жоба Парламент Сенатының қарауында.