×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Түркістанда таныстарының атынан несие алған әйел қолға түсті

gov.kz

Түркістан қаласында таныстарының атынан несие алған 29 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Оның қаланың екі жергілікті тұрғынның атынан қомақты көлемде кредит алғаны анықталды. Белгілі болғандай, әйел танысының сеніміне кіріп, одан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, содан кейін 700 мың теңгеге несие рәсімдеп жіберген. Ал жәбірленуші банкке қарызы барын несие төлеу туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген.

ЕКІ АДАМНЫҢ АТЫНАН 2 МЛН ТЕҢГЕ АЛҒАН

Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің тағы бір осыған ұқсас алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Келтірілген шығын 1 300 000 теңге болды.

Қазір күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бүгінде алаяқтықтың түр-түрімен айналысып жүрген азаматтар еліміздің жер-жерінде тұсталып, қамалып жатыр. Мысалы, жақында Астана қаласында интернет-алаяқтардан мыңнан астам sim-карта тәркіленген болатын.