×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Олимпиада жүлдегерлері ақшалай сыйлық, автокөлікпен қоса пәтер алды

Олимпиада жүлдегерлері ақшалай сыйлық, автокөлікпен қоса пәтер алды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Францияның Париж қаласында өткен жазғы Олимпиялық ойындардың жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Қала басшысы спортшылар мен жатықтырушыларды жетістігімен құттықтап, ұлттық құрама сапында Олимпиадаға қатысуға Алматы қаласының атынан тіркелген спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғанын атап өтті.

ҚАЛАДАН ПӘТЕР МЕН ҚОМАҚТЫ АҚША АЛДЫ

Күміс жүлдегер гимнаст Нариман Құрбанов пен қола жүлдегерлер дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай, оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа пәтер сертификаттары және ақшалай сыйлықтар берілді.

Барлық жүлдегер 5 және 4 млн теңгенің сертификаты мен жаңа автокөліктердің кілтін алды. Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен жаттықтырушылар құрамы да ақшалай сертификатпен марапатталды.

Өткен аптада спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа  Allur компаниясы Skoda Kodiag автокөліктің кілті тапсырған болатын. Сол күні Атырау облысында  кәсіпкерлер Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr сыйлады.

Жалпы, биылғы Олимпиаға қатысып, 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді иеленген Қазақстан спортшыларының бәрі сый-сияпаттап кенде болған жоқ. Бәрі пәтер, ақшалай сыйлықпен марапатталды.  Оларға басқа да сый-құрмет көрсетілді.

Олимпиадада спортшыларымыз жалпыкомандалық есепте жарысты 43-орынмен аяқтады.