×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде бір жылда ондаған ауыл жабылып қалды

Елімізде бір жылда ондаған ауыл жабылып қалды
elordainfo.kz

Соңғы бір жылда елімізде ондаған ауыл жабылып қалды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 17 облыс, 192 аудан, 90 қала, оның ішінде 3 республикалық маңызы бар қала тіркелген.

Сондай-ақ, елімізде 29 ауыл, 2165 ауылдық округ пен 6208 ауыл бар.

ХАЛЫҚ САНЫ 20 159 707 АДАМҒА ЖЕТТІ

Ұлттық статистикалық бюросының мәліметіне қарағанда, еліміз бойынша аудан саны ең көп өңір - Ақмола облысы. Ал облыстық маңызы бар қалалар мен ауылдар - Қарағанды облысында.

Ақмола мен Қостанай облыстарында ауылдық әкімдіктер көп. Ал ауылдық елді мекендердің ең көбі Түркістан облысында.

1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707-ға жетті.

Қалада 12 573 367 адам болса, ауылдық жерде 7 586 070 адам тұрып жатыр.

Елімізде әйел саны ер адамнан көп.  Елде 10 311 830 әйел, 9 847 877 ер адам бар.

Мал санына келсек, Ауыл шаруашылығы министрлігі мал санын көбейту бойынша қолға алған жұмыстарына қарамастан малдың төлдеуі күрт азайып кеткенін хабарлады.