Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ОКҚ брифингінде 170 мың қазақстандық ең төменгі жалақы - 85 мың теңге алатынын айтты. Бұл ретте орташа жалақы - 403 мың теңге, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Сарбасов журналистің сұрағына жауап бере отырып, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы орташа жалақы 403 мың теңгені құрайтынын айтты.
Ведомствода тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, ол бойынша қанша қазақстандықтың ең төменгі жалақы алатындығы анықталды.
Сарбасовтың сөзінше...
Біздің деректеріміз бойынша 100 мың теңгені 160 мың қызметкер алады. 85 мың теңгені 170 мың қызметкер алады. Айта кету керек, жалақы кәсіби қасиеттерге, білім деңгейіне және жұмыс сапасына байланысты, – деді Сарбасов.
Бұл ретте Бірінші кредиттік бюро бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа жалақы 392,7 мың теңгені құрағанын атап өтті.
Атырауда жоқ, жоқ...
Еске салсақ, қазақстандықтардың нақты жалақысы Атырау облысынан басқа барлық жерде өсті. Өңірде бұл көрсеткіш 5,9%-ға төмендеді. Сонымен қатар ведомство білім беру мен медицинадағы жалақының өсуін инфляция “жеді” деп мәлімдеді.