Татарстан депутаттары басқа мемлекетке кетіп қалған ресейліктерді армияның "беделін түсіргені" және Путинге тіл тигізгені үшін жауапкершілік енгізуді ұсынған. Ресей Үкіметі бұл идеяны қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы dw.com-ға сілтеме жасап.
Ресей үкіметі әскердің "беделін түсіргені" және президенті Владимир Путинге тіл тигізгені үшін қолданылатын баптар бойынша шетелге кеткен ресейліктерді жауапқа тартуға мүмкіндік беретін заң жобасын "концептуалды түрде қолдаған". Бұл жайлы 21 тамызда "Коммерсант" басылымы үкімтеттік құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.
Татарстан мемлекеттік кеңесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске осындай түзетулер енгізуді ұсынды, деп жазады басылым. Ресей қарулы күштерінің "беделін түсіру" және мемлекет басшысын қорлау баптарынан басқа, депутаттар кеткен ресейліктер "жеккөрушілік туғызып, Ресейдің аумақтық тұтастығын бұзуға және санкциялар енгізуге шақырса, оларға "экстремизм" және "сөз бостандығын теріс пайдалану" туралы баптар бойынша айыппұл салуды ұсынды.
Сонымен қатар, Татарстан мемлекеттік кеңесі осы баптар бойынша жауапкершілікке тартуға болатын мерзімді екі жылға дейін ұзартуды ұсынды: қазір ол үш айдан бір жылға дейінгі жазаны қарастырады.
Сонымен бірге, "Коммерсант" Ресей үкіметі кетіп қалған азаматтарға осы жөнінде қалай хабардар берілетінін және олардың қатыспаса іс қалай жүргізілетіні жөнінде әлі түсінік жоқтығын атап өтеді.