×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Қазақстанда Telegram мен Whatsapp мессенджерлері жұмыс істемей қалды

Фото: appleinsider.ru

Қазақстан мен Ресейде және Өзбекстанда Telegram арнасы мен Whatsapp мессенджері біраз уақыт істемей қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда бұл желілер шамамен 10-15 минут бойы жұмыс істемесе, Ресейде техникалық ақау шамамен жарты сағатқа созылған. 

Әсіресе, Telegram арнасы біраз уақыт жұмыс істемеді. Пайдаланушылар компьютердегі де, мобильді нұсқадағы қосымша да жұмыс істемегенін, хабарламаны жіберу немесе оны алу мүмкін болмай қалғанын айтып, шығамданған.

Whatsapp компьютерде мүлдем, ал мобильді қосымшада кідірістермен жұмыс істеп тұрды.  

Еске салсақ, WhatsApp мессенджері қолданушылардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа мүмкіндікті іске қосқан болатын.