×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Ақтауда сот арқылы лауазымына оралған полиция бастығы қызметінен қайта босатылды

22.08.2024, 08:51
ашық дереккөзден

Ақтауда түнгі клубтағы төбелестен кейін жұмыстан қуылып, кейіннен сот арқылы лауазымын қалпына келтірген Ақтаудағы жергілікті полиция қызметінің бастығына қатысты сот қайтадан қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Ақтауда түнгі клубтағы төбелестен кейін жұмыстан қуылып, кейіннен сот арқылы лауазымын қалпына келтірген Ақтаудағы жергілікті полиция қызметінің бастығына қатысты сот қайтадан қызметінен босату туралы шешім қабылдады, хабарлады Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы полицейді бұрынғы лауазымына қайта тағайындау туралы бірінші сатыдағы Ақтау қаласының №2 сотының шешімінің күшін жойды.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы О.-ның талап қою бойынша «Бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, бұрынғы атқарған лауазымына қайта тағайындау және жалақыны өндіру» туралы Ақтау қаласының №2 сотының шешіміне келтірген Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің апелляциялық шағымын қарады

БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТ ПОЛИЦЕЙДІ АҚТАҒАН

О. 2022 жылдың қараша айынан бастап Ақтау қаласының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

27 қараша 2023 жылы облыстық Полиция Департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы О.-ға қатысты ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі 1) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

27 қараша 2023 жылы тәртіптік комиссия шешімі негізінде О.-ны «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның негізінде жұмыстан босатты.

Облыс прокуратурасының 13 қаңтар 2024 жылғы қаулысымен О.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.

О. талап қоюында өзіне қатысты қылмыстық іс, құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын, сол себептен Депаратменттің жұмыстан босату туралы бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жоюды, бұрынғы атқарған лауазымына қайта тағайындап, жауапкерден жалақы өндіруді сұрады.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырды.

АЛДЫҢҒЫ ШЕШІМНІҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ

«Сот алқасы істің материалдарын зерделеп, бірінші сатыдағы сот материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбады, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтамай, шағымданатын сот шешімінің күшін жоюға негіз болып табылады деген қорытындыға келді.Апелляция сот алқасының қаулысымен Ақтау қаласының №2 соты шешім күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдады»,- делінген хабарламада.

Жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.