×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҚР Сыртқы істер министрлігі Беларусь елшісіне ескерту жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Беларусь елшісіне ескерту жасады
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь Республикасының елшісі Павел Утюпинді шақыртып, ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СІМ не дейді

Сыртқы істер ведомствосы ресми сайтының жазуынша, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Беларусь Республикасының Елшісі Павел Утюпинмен кездесуі барысында Қазақстан-Беларусь екіжақты деңгейдегі, сондай-ақ көпжақты ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, министр Қазақстан БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті. Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушіліктер саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс екеніне нық сенімді, – делінген хабарламада.

Қазіргі геосаяси жағдайда Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан еліміздің сыртқы саяси бағыты өзінің тиімділігін көрсетті.

Осыған байланысты министр Беларусь тарапын қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырды.

Не болған еді

Еске салсақ, бұған дейін Беларусь Президенті Лукашенко «Россия» телеарнасына берген сұхбатында:

Біз кейбір посткеңестік мемлекеттер сияқты түлкібұлаң саясат ұстана алмаймыз. Олар Ресейден бірдеңе алғысы келеді. Бірақ оның орнына ештеңе бермейді. Олай болмайды. Бірге болайық!

Ресейге келіп, қолдау мен көмек сұраған уақыттан көп ұзаған жоқпыз. Мысалы, Қазақстанда бір оқиға болды. Қазақстан кімнен көмек сұрады? Қытайдан ба, Үндістаннан ба? Әлде Пәкістаннан ба? Жоқ! «Путин, Лукашенко, көмектесіңіз», - деді. Сонан соң, түске дейін-ақ, біздің ұшақтар Қазақстанға қонды. Сөйтіп бәрі тынышталды, – деген болатын.