×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Иран президенті мінген тікұшақ апатының себептері айтылды

Иран президенті мінген тікұшақ апатының себептері айтылды
Фото: ашық дереккөз

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатына бортта адамның көп болуы себеп болған. Ислам Республикасының «Фарс» агенттігі арнайы қызметтегі дереккөздерге сүйеніп, осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агентікке сілтеме жасаған Qazaqstan телеарнасының ақпаратына қарағанда, құлаған тікұшақ сынықтарынан оқтың немесе жарылыстың іздері табылмаған.

Алайда Иран армиясының бас штабы көп кешікпей бұл ақпаратты жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын айтты. Дегенмен әскерилер осыдан 3 ай бұрын болған апаттың нақты себебін атаған жоқ.

Экс-президент Раиси отырған тікұшақ мамырдың 19-да құлады. Сол апаттан Иранның Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малик Рахмат пен тағы бірнеше адам қаза тапқан болатын.