×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

«Әдейі жасалған акция ма»: Қазақстанда Ресей оқушыларының дәптері сатылып жатыр

23.08.2024, 09:19
«Әдейі жасалған акция ма»: Қазақстанда Ресей оқушыларының дәптері сатылып жатыр
скриншот

Баласын мектепке дайындап жүрген Шынар Сұлтан есімді азамат сауда сөрелерінде Ресей оқушыларының дәптері сатылып жатқанына назар аударған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Біздің сауда сөрелерінде қашаннан бері “Ресей оқушысының дәптері” сатылатын болған? Адасып кіріп кеткен бе? Әлде әдейі жасалан акция ма? Бізде әртүрлі кеңсе брендтері бар, бірақ Қазақстан нарығында ресейлік оқушылардың дәптерін бірінші рет көріп тұрмын, – деп жазды ол әлеуметтік желіге.

Шынар Сұлтан жазған жазбаның төменгі жағында адамдар екіге жарылып айтысып кеткен. Ресей тарапынан да көп пікір қалдырып, “өздерің ештеңе шығармайсыңдар емес пе?” немесе “сендердің мектептерің жабайы емес пе?” деген қорлаған, тіл тигізген пікірлер көп кездеседі.

Мектепке дайындық

1 қыркүйек – Білім күні де жақындап келеді. Осы күні мыңдаған бала мектеп табалдырығын аттап, бірінші сынапқа барады. Осы ретте Ulysmedia.kz оқырманға психологтың ата-анаға бес кеңесін ұсынған еді.