×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үкімет үш рет бас тартты – шаруалар баж салығымен әлі алысып жүр

23.08.2024, 15:30
Үкімет үш рет бас тартты – шаруалар баж салығымен әлі алысып жүр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс өсірушілердің экспорттық баж салығын азайтуға байланысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“Мәселені жақсы білеміз”

– Бұл мәселені жақсы білеміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мәселені үш мәрте үкіметтік комиссияның қарауына шығарды. Өйткені экспорттық баж 100 еуроға дейін бекітілген. Бірақ сол бажды алып тастау немесе екі есе азайту бастамасын біздің министрлік комиссия отырысында үш мәрте көтерген. Жақын арада комиссия отырысы болса, қайта шығаруды пысықтаймыз. Өйткені бұл сұрақ барлық министрліктермен бірге қаралады, – дейді ол.

“Нақты ұсыныстарыңыз қандай?” деген сұраққа вице-министр “әуелі мүлде алып тастау ұсынысын көтергенбіз” дейді.

– Оған комиссия мүшелері келіспеді. Екінші ретінде екі есе азайтуға, 50 еуроға дейін түсіру ұсынысымен шықты. Ол кезде де қолдау таппадық. Бүгінгі таңда жан-жақты ақпараттарды, статитикалық мәліметтерді жинап, қайтадан комиссияға шығару мәселесін пысықтаймыз, – дейді ол.

Шаруалардың шағымы

Еске сала кетейік, былтыр күзде Астанадағы баспасөз клубында фермерлер жиналып, күнбағыс дақылын шығаруға салынған экспорттық пошлинаны алып тастауды талап еткен еді. Олардың айтуынша, осы салықтың салдарынан күнбағыс өсірудің өзі мүлде пайдасыз бизнеске айналған. «Не салықты алып тастаңыздар, әйтпегенде күнбағыс егуді біржолата қоямыз» деген олар.

 Ulysmedia.kz порталы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевқа сұрақ қойып, фермерлер мен май зауыттарының иесі арасындағы келіспеушілікке не дейтінін сұраған. Ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеген еді.