Волгоград облысындағы қатаң режимдегі түзеу колониясының (ТК-19) бірнеше тұтқынды түзету мекемесінің қызметкерлерін кепілге алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Ресейдің федералды жазаларды орындау қызметі қатаң режиміндегі 19-шы түзеу колониясында адамдар кепілге алынғаны жөнінде ақпаратты растады, деп жазады ТАСС,
– Тәртіптік комиссия отырысында (онда қасақана бұзушылардың істері қаралады) бірнеше тұтқын қызметкерлерді кепілге алды. Тұтқындар колония қызметкерін өлтірді. ФСИН басқа да зардап шеккен қызметкерлері бар, - делінген хабарламада.
БАҚ сонымен қатар үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шеккенін жазады.
Shot-тың алдын-ала мәліметі бойынша, ТМ-19 бастығы Андрей Девятов пен оның орынбасары кепілге алынған.
Колонияға арнайы күштер келіп, басып кіруге дайындалып отыр.
Түзету мекемесі Волгоград облысының Суровикино қаласында орналасқан. Ашық дереккөздердің деректері бойынша онда 1,2 мыңнан астам адам тұтқында жазасын өтеп жатыр.
2024 жылдың маусым айында Ростов-на-Дону қаласындағы тергеу изоляторында да осындай оқиға болған.