Елордада Достық пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Осыған байланысты 24-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылып жатыр, – деп қосты ведомство.
Тұрғындар мен қонақтар жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.