Әйтсе де, нақты кімдерге қарсы арыз жазылып отырғаны белгісіз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министр не деді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгінгі брифингте ведомство атом электр станциясының құрылысына қарсы шыққандарға қарсы құқық қорғау органдарына арыз беруге дайындалып жатқанын айтты. Оның сөзінше, қазір "қоғамдық пікірді тұрақсыздандыру" үрдісі жүріп жатыр.
– Біз бұл арызды дайындап жатырмыз, ол дайын, бірақ әлі құқық қорғау органдарына жіберілген жоқ. Біз жалпы тұрақсыздандыруға және қоғамдық пікірге қандай да бір дисбаланс енгізуге бағытталған қандай да бір әрекеттер туралы айтып отырмыз, – деді Сәтқалиев.
Бұл арыз белгілі бір адамдарға – журналистерге немесе қоғамдық тыңдауларға қатысқан белсенділерге қарсы бола ма деген сұраққа министр жауап беруден бас тартты. "Менің ойымша, сіздер бәрін өз уақытында білесіздер. Енді осы жалпы ақпаратпен шектелейік" деді ол.
Артынша, Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі “Энергетика министрлігі құқық қорғау органдарына АЭС құрылысына қарсы шыққандарға арыз түсіргелі жатыр деген ақпарат жалған” деген ақпарат таратты.
Қазақстандағы АЭС
2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін жариялады. 2023 жылы 4 қазанда Қазақстанның Энергетика министрлігі референдум өткізілгенге дейін атом электр станциясының құрылысына байланысты барлық жұмыс тоқтатылғанын хабарлады.