Абай облысының полиция департаменті үш адам қаза тапқан жол апатына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Абай облысының полиция департаменті үш адам қаза тапқан жол апатына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Семей-Өскемен тас жолында 25 тамызда сағат 03:30 шамасында Toyota Land Cruiser мен Nissan Еlgrand маркалы көліктер соғысқан.
«Салдарынан 1 жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды», - деп хабарлады Абай облысы ПД.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл іс Абай облысы полиция департаменті басқармасының бақылауында», - делінген хабарламада.