Алматыда бейбіт митинг пен шеру өткізілетін орындар белгіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық мәслихаттың XXII сессиясында айтылды.
Митингтерді «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы саябақта, Ш. Уәлиханов атындағы скверде және Амангелді Иманов атындағы саябақта өткізуге рұқсат етілді – делінген хабарландыруда.
Алматы қалалық мәслихаты шеруге арналған маршрутты да өзгертті. Шеруге арналған маршрут Шевченко көшесінен Жамбыл көшесіне ауыстырылды.
Алматыда бір рет қана осы маршрут бойынша шеру болған. Содан кейін қала әкімшілігі шеруге рұқсат бермей келеді.