Қаржылық мониторинг агенттігі 1976 жылғы Өзбекстан тумасы Батыршина Дана Анварқызына халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.
Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша
+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі.