Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елге бүгінге дейін Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазақстанға бүгінге дейін Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді. Елде осы вакцина салынуы тиіс халықтың 35012-не аталмыш вакцина салынды. Олардың ішінде 26 354 адам – бала болса, 8 658-і – жүкті әйелдер. Вакцина жеткізу жұмыстары апта сайын жалғасуда», - деді Алексей Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, елде ересектердің 70 пайызы (7,9 млн адам) вакцина алып үлгерген.