×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

«Депутат мәртебесіне сай емес»: Асқар Садықов Парламенттен кетті

29.08.2024, 13:15
Фото: parlam.kz

«Ақ жол» партиясы атынан депутат Асқар Садықов Парламенттен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды.

“Бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды”, -деп жазды “Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев телеграм каналында.

Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң А. Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды.