×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Адвокат Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бергенін айтты

30.08.2024, 17:32
Адвокат Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бергенін айтты
Ашық дереккөз

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарсы тағы 10 іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы КазТаг ақпарат агенттігі жазды. 

Өкінішке орай, төтенше квотаға байланысты басым мамандықтары бойынша лайықты грантын ала алмаған талапкерлер бар. Сондықтан кеше және бүгін ғылым министрлігіне қарсы 10 жаңа талап-арыз сотқа берілді, - дейді адвокат Халида Әжіғұлова.

Заңгер заң көмегіне жүгінген талапкерлердің барлығы дерлік оқу жылының басталуына бірнеше күн қалғанда министрлік бөлуді ұйғарған қосымша білім гранттарын иеленгенін айтып, қуанышымен бөлісті.

Ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде «төтенше жағдайдағы аймақтарға» квотаны қолданудағы қателігін әлі де мойындамайды. Министрлік әрекетін неге қате деп санаймыз? Өйткені білім гранттарын бөлудің кез келген квотасы тек парламент қабылдап, президент қол қоюы тиіс заңдар негізінде ғана бекітіледі, - деді заңгер.

Оның айтуынша, министрлік мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде «төтенше жағдайдағы аймақтарға» квота қолданған нормативтік құқықтық актіні атамайды.

Естеріңізге сала кетейік, министрлік су тасқыны кезінде зардап шеккендерге төтенше квота бойынша грант бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл ретте жоғары балл жинаған балалар төмен балл жинағандармен салыстырғанда грантқа ие бола алмады. Мұндай әділетсіздікке арызданушылар реніш білдірді.

Алматылық талапкер Медина Майсар Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді. Ол бұған дейін президентке ашық үндеу жолдап, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұраған болатын.