Әлеуметтік желіде 7-сыныпқа арналған география пәніндегі картада Қазақстан аймағының дұрыс көрсетілмегені туралы видео таралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлым 7-сыныптың кітаптарын алып келді. Мен логист ретінде бірден география пәніне қызықтым. Алайда 2017 жылы шығарылған кітаптың 148-бетінде Қазақстанды Орталық Азия емес, Ресей-Еуразия аймағы деп көрсетілген. Біздің балаларды шатастырып отыр, - дейді видеоның авторы.
Желі қолданушылары видео авторы Андрей Филатовтың патриотығына ризашылықтарын білдіріп, тиісті министрліктің жауап беру керектігін жазып жатыр.