×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жоғарғы Сот Бишімбаевтың туысының шағымын қайта қарайтын болды

01.09.2024, 15:54
Жоғарғы Сот Бишімбаевтың туысының шағымын қайта қарайтын болды
ulysmedia

4 қыркүйекте Жоғарғы Сот Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымын қарайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Сот 4 қыркүйекте

Сот отырысы туралы ақпарат Сот кабинетінің сайтында пайда болды.

Қуандық Бишімбаевтың туысы болған және Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді.

Бишімбаев пен Байжанов

Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-министр жазасын барынша қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Бұрынғы министрдің туысы Бақытжан Байжановтың төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ҚР ҚК 432-бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылды.

26 маусымда апелляциялық саты экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.