Mega Silk Way СОО-да 29 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.
Жедел жәрдем бригадасы келгенше әйел қайтыс болып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы туған қыз кенеттен есін жоғалтқан. Содан кейін денесі құрыса бастаған. Куәгерлер СОО медпункт қызметкерлерін шақырып, реанимация жүргізгенімен, нәтиже болмаған.
Qumash Telegram арнасының хабарлауынша, қыз Mega Silk Way-де күзетші болып жұмыс істеген.