×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мәселе бізді де алаңдатады – министр Әлназарова армияда зардап шеккен сарбаздар жайлы

02.09.2024, 13:04
Мәселе бізді де алаңдатады – министр Әлназарова армияда зардап шеккен сарбаздар жайлы
ulysmedia

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірнеше ай бойы комада болып, көзін ашқан Ербаян Мұхтардың жайы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz

– Бұл жерде медициналық қызметті әскери ведомстволық қызметкерлер көрсететінін атап өту керек. Десе де, Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Тиісті консилиум жүргізуге, басқа да көмек көрсетуге толығымен дайынбыз. Негізі министрлік тарапынан бұл мәселе бақылауда, – деді Ақмарал Әлназарова Үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, әскер қатарында борышын атқарып жүрген сарбаздардың денсаулығына тиісті медициналық комиссия жауапты.

– Денсаулықтарына байланысты көп сұрақтар бар. Өте көп медициналық тексерістерден өте бермейді, жарамсыз болып шығады. Бұл мәселе бізді де алаңдатады, – дейді Әлназарова.

КОМАҒА ТҮСКЕН САРБАЗ

Еске сала кетейік, Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмай отыр. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған еді. 

Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева мен әжесі Күләш Смайылова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жоғарғы сотқа, Қазақстан халқына тағы үндеу жариялады. Гүлсім Қамиеваның ұлы – қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар былтыр мамырда мерзімді әскери қызметке алынған. 2023 жылдың 4 желтоқсанында түнде Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөліміндегі дәретханада құлап, бас-миының ашық жарақатын алған. Орталық клиникалық ауруханасының анықтамасы бойынша, сарбаздың бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынған, ауыр ми жарақатын алған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.