×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Алматыда синтетикалық есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Алматыда синтетикалық есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды
Фото: видеодан скрин

Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан ерлі-зайыпты құрықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция не дейді

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Олар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан пәтерін өндіріс орнына айналдырған. Мұнда ерлі-зайыптының синтетикалық есірткі затын өндіріп, бөлшек сауда үшін қаптамаға салғаны белгілі болды.

265 мың теңге қолма-қол ақша тәркіленді

Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара Алматы қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен "Қарасора" іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдіктілер үйдің жанында ұсталды. Олар кристалданған затты, ақ түсті шөгінділері бар шыны ыдысты және ақшаны тапқан. Ал ұсталғандардың үйін тінту кезінде зертханалық жабдықтар, прекурсорларды сақтауға арналған шыны ыдыстар, магниттік араластырғыш, электр сорғылар, шыны колбалар, ноутбуктер, 265 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат және басқа да құралдар табылды және тәркіленді, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Екеуі де қамауға алынды

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон есірткі заты болып шықты. Екі күдікті де Алматы қалалық ПД-ның Уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды.