Алматы қаласындағы Нұрлытау шағын ауданында көліктердің бірінен басына оқ тиген ер адамның денесә табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.