×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мал сатқаны үшін бес жылға сотталды

05.09.2024, 23:15
Мал сатқаны үшін бес жылға сотталды
Коллаж Ulysmedia

Жоқ малды сатып алуға мемлекеттен миллиард теңге алған Ақтөбе облысында жоқ малды сатып алмақ болған алаяқтар сотталды. Олар арам пиғылын жүзеге асыру үшін “Аграрлық несие корпорациясынан” миллиард теңгеге жуық ақша алған, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Үш ақтөбелік мемлекеттік “Сыбаға” бағдарламасы арқылы оңай ақша таппақ болған. Олар өзге біреулердің атына шаруа қожалықтарын ашып, жалған құжаттар дайындаған. Сөйтіп асыл тұқымды мал сатып алуға мемлекеттен миллиард теңге алыпты. Алайда ақша қалтаға түскенімен, сатып алынған төрт түлік жоқ. Осы алаяқтық әрекеті үшін үш тұрғын бес жылға бас бостандығынан айырылды.

“Үш азамат бес жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру және меншіктің әр түрлі нысандарындағы ұйымдарда қаржы шаруашылық қызметімен байланысты лауазымдармен, басшы лауазымдарын атқару құқығынан айырылып, он жылға сотталды,”- деді Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндетова.

Бұған дейін

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі ауыл шаруашылығы субсидияларын алушылар үшін 2025 жылдан бастап жаңа қарсы міндеттемелер енгізілгенін мәлімдеген. 

 

Міндеттемелерді орындау деңгейі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркелетін болады. Олар 2 жыл қатарынан орындалмаған жағдайда, субсидия алуға жаңа өтінім бере алмайды.

Өзгерістер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Ол уақытқа дейін, яғни 2024 жылы тиісті пилоттық жобаны іске асыру басталады.