×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

«Қазгидромет»: Бүгін Ақтөбе мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Фото: ашық дереккөз

6 қыркүйек күні еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 6 қыркүйек, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Ақтөбе, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.