Батыс Қазақстанда табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев әлеуметтік желіде тараған даул видеодан кейін жұмысынан кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
UmarovNews-тің хабарлауынша, 5 қыркүйекте БҚО прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаевтың әлеуметтік желілерде жарияланған видеосынан кейін жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері жарияланған. Ол видеода табиғат қорғайтын прокуроры мас болып, көшеде әрең теңселіп жүреді. Ал медициналық куәландыру кезінде Бисқалиев сау болған.
Прокурордың орынбасары Сәтбаев фотосурет пен бейне нақты күні қай күні түсірілгенін білу мүмкін емес екенін айтқан. Бірақ қоғамдық резонансқа байланысты оқиғаны елемеске болмады. Сондықтан, 2024 жылдың 15 тамызында қызметтік тергеу нәтижелері және облыс прокуратурасының тәртіптік комиссиясының ұсынымы бойынша Абылай Бисқалиев қызметтік сәйкестік бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
– Бисқалиев мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын жоғары талаптарды түсініп, басшылықтың атына атқарып отырған лауазымынан босату туралы баянатпен жүгінді. 20 тамызда ол БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды, - деді Сәтбаев.
13 тамызда Қазнетте облыстың табиғат қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев мас күйінде қала көшелерімен теңселе жүрген видеосы тараған еді. Осыдан кейін прокурордың үстінен қызметтік тергеу басталған.
2018 жылғы 23 ақпанда Абылай Бисқалиев Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуроры болып тағайындалған.
Қызметті 2003 жылы аудандық прокурордың көмекшісінен бастаған. 2012 жылы Теректі ауданының прокуроры болған.