×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павел Дуров ұсталғаннан кейін Telegram модерация саясатын өзгертті

06.09.2024, 12:46
Павел Дуров ұсталғаннан кейін Telegram модерация саясатын өзгертті
Фото: pixabay.com

Енді желіні пайдаланушылар модераторларға Telegram чаттары мен жеке топтарындағы заңсыз мазмұнға шағымдана алады. Мессенджердегі модерация саясаты — Франция билігінің Павел Дуровқа қойған негізгі талаптың бірі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мессенджердің веб-сайтындағы жиі қойылатын сұрақтар (FAQ) бөлімінде "барлық Telegram чаттары мен топтық чаттар жеке саналады (арналар мен боттардан басқа) және мессенджер әкімшілігі "олармен байланысты сұрауларды өңдемейді" делінген. Мұны парақтың кэштелген көшірмесі дәлелдеді. Енді бұл бөлімде "барлық Telegram қосымшаларында "шағымдану" батырмалары бар, олар "бірнеше рет түрту арқылы модераторларға заңсыз мазмұн жөнінде хабарлауға" мүмкіндік береді. Мұны істеу үшін сіз хабарламаны түртіп, ұстап тұруыңыз керек. Содан кейін сол батырма болуы керек мәзір пайда болады.

Жаңарту бір тәуліктен аз уақыт бұрын жүргізілген.

Павел Дуровтың ұсталуы 

26 тамызда Париж прокуратурасы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа айып тағылғанын хабарлады. Іс 8 шілдеде ашылды және "аты аталмаған адамға" қатысты 12 қылмыс бойынша айыптауларды қамтиды. Айыптаулардың арасында билікпен ынтымақтастықтан бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерін сақтауға және таратуға қатысу, сондай-ақ есірткі заттарын сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға, сатуға немесе беруге қатысу бар.