×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Әкімнің орынбасарымын, 50 млн теңге бер»: Өскеменде түрмедегі қылмыскер сотталды

06.09.2024, 16:33
«Әкімнің орынбасарымын, 50 млн теңге бер»: Өскеменде түрмедегі қылмыскер сотталды
ашық дереккөзден

Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А. Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор не дейді

Агенттіктің хабарлауынша, ол ұялы телефонға қол жеткізе отырып, облыс әкімінің орынбасары ретінде өзін таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлерінің атына қоңырау шалған. Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдік беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.