Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы астан уланып, дәрігердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы ауданында тамақтан уланған балалар бақылауға алынды.
- Мұнайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап жедел жәрдем шақырып бастаған. Шағымдары: іш ауруы, дене қызуының көтерілуі. Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханаға жатқызылды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мөлдір Әділ.
Жағдайдың неден болғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама берілген.