×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Маңғыстауда астан уланған оқушылар саны 300-ге жуықтады

08.09.2024, 16:27
Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы, Бесшоқы ауылында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың саны 300-ге жуықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс басшылығы уланған оқушылардың саны туралы мәлімет берді.

Қазіргі таңда  222 бала үйде ем алып жатса, 67 бала ауруханада, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал шенеуніктер жаппай астан ұшынып қалған 1-4-сынып оқушылары асханада нақты қандай тағам жегені және улануға не себеп болғанының барлық мән-жайы анықталып жатқанын айтты. 

Еске сала кетсек, бүгін Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы астан уланып, дәрігердің көмегіне жүгінгенін жазғанбыз

Көп ұзамай астан уланған балалар санының 140-тан асқаны белгілі белгілі болды.