×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

«Қазақ тілін Жапонияда өз бетімізбен үйрендік»: ерлі-зайыпты жапон Астанаға мейман болып келді

09.09.2024, 17:03
«Қазақ тілін Жапонияда өз бетімізбен үйрендік»: ерлі-зайыпты жапон Астанаға мейман болып келді

Астанаға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға келген ерлі-зайыпты жапон отбасы қазақ тілінде сөйлеп, ойындар өзіне қатты ұнағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ерлі-зайыптының видеосы әлеуметтік желіге тарады. Ең жақсысы, екеуі де қазақша біледі екен.

«Қазақ тілін Жапонияда өз бетімізше үйреніп алдық», - дейді екеуі.

Видеоны түсірген жігіт «өте таңғалдым, Жапониядан келген ерлі-зайыпты қазақша өте жақсы сөйлеп тұр, Жапонияда жүріп-ақ қазақ тілін үйреніп алыпты» дейді.